2023 жылғы 31 мамырда «Шахтер» қалалық саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Екібастұз қаласының әкімі А.Бейсекин, қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар ұйымдары, қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, оқытушылар қатысты. Қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
№47, №48 топтардың студенттері және ө/о шеберлері Т.К. Кожанова және И.М. Воронова 1930-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.