2023 жылғы 5-6 маусымда Хромтау қаласында талантты арнайы пәндердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, сондай-ақ инновациялық педагогикалық озық тәжірибені тарату және педагогтердің кәсіби және әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында тау-кен металлургиясы саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.
Павлодар өңірінен Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің командасы қатысты: арнайы пәндер оқытушысы Умарова Алия Михайловна және өндірістік оқыту шебері Кожанова Толкын Каиркешовна.
Байқауға қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейін, кәсіби шеберлік пен дағдыларын көрсетті, сонымен қатар инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолданды.
Конкурс нәтижесі бойынша арнайы пәндер оқытушысы Умарова Алия Михайловна 2 орынға ие болды, өндірістік оқыту шебері Кожанова Толкын Каиркешовна 3 орын иеленді. Құттықтаймыз!!!