2023 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне орай ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара орталық Ту тұғырының жанында қала әкімінің орынбасары, этнос орталықтары, мектептер, колледждер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Аталған іс-шараға №57 топ студенттері, ө/о шебері Ж.Ф. Копежанова, басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ж.Садыкова және жастар ісі жөніндегі инспектор А.К.Смаилова қатысты, Қазақстанның барлық қалаларында әнұранды орындау сағат 11:00-де өтті.