29 мамырда брейн-рингке № 59 «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» тобы қатысты. Топ екі командаға бөлінді, бірінші топтың атауы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», екіншісі «Пара жоқ».
Ойын 2 раундтан тұрды. Жалпы командалар берілген тақырып бойынша 10 сұраққа жауап берді.
Кейбір тапсырмалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуді талап етті, ал кейбіреулерінде логика мен тапқырлықты көрсету қажет болды.
Команда өкілдері үшін ойын форматы қызықты болды. Олар теорияны зерттеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ситуациялық міндеттерін талдай алды.
Бұл іс-шара студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстың негізі болып табылады.
«Соңғы жылдары Қазақстан, ең алдымен, мемлекеттік аппарат пен жұртшылықтың бірлескен жұмысының арқасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша елеулі қадамдар жасады. Тәрбие мен білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу біздің қызметіміздің басты басымдығы болып табылады», – деді “Дарын”пікірсайыс клубының жетекшісі А.М. Умарова.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «Пара жоқ» командасы, екінші орынды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» командасы иеленді.