2023 жылы 6 маусымда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №55 топ студенттерімен Екібастұз қаласының туған күніне арналған «Менің қалам, сенің атауыңда не бар?» атты викторина өткізді.
Кітапханашы О. В. Кожемяк қала тарихы туралы айтып, содан кейін студенттер «Біздің қала неге Екібастұз деп аталады?», «Екібастұз қаласына биыл неше жыл?», «Қала ескерткіштерін атаңыз», «Біздің колледж кімнің есімімен аталады?», «Екібастұз қаласының елтаңбасы қалай көрінеді?», «Екібастұздың алғашқы көмірі қай жылы жіберілді?», «Әлемдегі ең биік құбыр қай ГРЭС – те орналасқан?», «Гиннестің рекордтар кітабына қандай өндірістік нысандар кірді?» және тағы басқа да сұрақтарға жауап берді.
Студенттер қала тарихы туралы өз білімдерін көрсетіп, белсенділері сыйлыққа ие болды.