![](http://egtkimkp.edu.kz/wp-content/uploads/2023/09/58949449.jpg)
2023 жылғы 14 қыркүйек күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясында жергілікті айтыскер ақын Бадланұлы Құрманшармен кездесу өткізілді. Іс- шара дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Құрманшар Бадланұлы өзінің өнер жолындағы оқиғаларынан сыр шертті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін ояту, ел азаматтарының өмірінен ғибрат алу.
Кездесу өте қызықты, мазмұнды өтті.