Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, рухани-адамгершілік мәдениетін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында, 2023 жылғы 17 қарашада Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Алтын сақа» республикалық акциясы аясында Асық ату ойындары өтті.
Іс-шараға барлық курс студенттері қатысты. Әсіресе, І курс студенттері ерекше қызығушылық танытты. Ойын өте қызықты өтті. Соның ішінде 61 топ (Локомотив машинисінің көмекшісі) өндірістік оқыту шебері Опабекова Гульмира Жанболатовна және де 63 топ (электргазымен дәнекерлеуші) ерекше көзге түсті.