2023 жылғы 17 қараша күні Салауатты өмір салты айлығын өткізу шеңберінде Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің № 58 топ студенттері «Темекі тартқаның-өзіңді құртқаның!» атты акция өткізді.
Аталған акция «өкпені тексеру» конкурсы түрінде өткізілді. Конкурс студенттерге темекі шегудің өкпенің жұмысына қалай әсер ететінін көрсетті.
№ 59 топ студенттері «Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні» атты плакаттар салды. Осылайша олар темекісіз өмір сүрудің қаншалықты керемет екенін атап өткісі келді.