22.11.2023 жылы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде “Әлеуметтік-жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бойынша колледж бен отбасының өзара іс-қимылы” тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты ата-аналарды оқу процесін, өндірістік оқыту мен практиканы ұйымдастыру, сондай-ақ бірінші курс студенттерін бейімдеу және құқық бұзушылықтың алдын алу туралы хабардар ету болды.
Колледж басшысы Т. К. Акатаев ата-аналарды колледж ережелерімен, студенттердің оқу жағдайлары туралы таныстырды, топтардағы шеберлердің жұмысы туралы айтып берді, сондай-ақ ата-аналарға олардың бос уақытын жиі бақылап отыру, жанжалды жағдайларды болдырмау үшін оның хоббиіне қызығушылық танытып, балаға көбірек көңіл бөлу туралы өтініш білдірді. Басшының оқу жөніндегі орынбасары Н. П. Касаткина оқу процесін ұйымдастыру, студенттерді аттестаттау, алдағы емтихандар мен демалыстар туралы айтып берді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу және білім алушылардың ата-аналарының балаларын тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында Екібастұз қаласы ІІБ МББ полиция капитаны А.Д. Ахметова өз сөзінде ата-аналардың назарын кәмелетке толмаған бала үшін отбасының жауапкершілігіне, балаларының мінез-құлқы мен бос уақытын тиісті бақылаудың маңыздылығына аударды. Ата-аналар инспекторға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жасөспірімдерге қатысты жағымсыз факторларды анықтауға көмектесу туралы ұсыныс жасады.
Колледж психологы Т.М. Мұхамеджанова бірінші курс студенттерін бейімдеу, әлеуметтік-жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бойынша колледж бен отбасының өзара іс-қимылы туралы сөз сөйлеп, психологиялық сау тұлғаны тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берді.