23.11.2023 жылы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің топтарында “Менің дінге деген көзқарасым” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағатының мақсаты: студенттерді әртүрлі діндермен таныстыру, діни секталардың түрлерін ажырата білуге үйрету, бір-біріне төзімділік сезімін, айналадағы адамдарға және әлемге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында осы тақырып бойынша бейнесюжеттер, оның ішінде “Габриэль Гарсия Маркес, өмір туралы 13 фраза” бейнесюжеті көрсетілді, викториналар, түрлі жағдайларды шешуге арналған тапсырмалар пайдаланылды.
Студенттер сондай-ақ діннің пайда болу және даму тарихымен, дәстүрлерімен танысты, өз ойларын, көзқарастарын білдірді, сұрақтарға жауап берді, өздеріне белгілі хабарламалармен сөз сөйледі. Топтардың кураторлары мен шеберлері басқа дінді ұстанатын басқа көзқарастарды ұстанатын адамдарға төзімділік ұғымын ашып, өз бойында ізгі ниет сезімін тәрбиелеуге шақырды.
Мұндай іс-шаралар білім алушыларда әртүрлі діни конфессиялардағы адамдардың көзқарастары мен сенімдеріне құрмет сезімін қалыптастыруға көмектеседі, жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.