2023 жылғы 23 қарашада Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында №60 топ студенттермен “Не? Қайда? Қашан?” атты әдебиеттік ойын өткізілді.
Мақсаты: студенттердің әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру, білім алушылардың эрудициясын, көркем әдебиет пен жазушылардың шығармашылығын білу деңгейін анықтау.
Кітапханашы О. В. Кожемяк студенттерге білім көзі, оқудың көмекшісі кітап екенін айтты. Одан кейін «Қазақ әдебиетінің алтын беттері», «Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан батырлары туралы кітаптар» атты бірнеше турдан тұратын әдеби ойын өткізілді. «Кітап – досың!», «Үшіншісі артық», «Жазушылар портреттері» атты конурстар ұйымдастырылды. Студенттер ойынға белсене қатысты. Олардың арасынан ең білімділері Тлегенов Амирхан, Бондарь Руслан мен Мергенов Нураш болды. Кітапханашы іс-шара қатысушыларына қойын дәптерлер сыйға тартты.