2024 жылдың 04 сәуірінде Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің студенттер командасы Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 125 жылдығына арналған «жаңа геологиялық ашылулар жолындағы жастар» атты Республикалық форумына қатысты. Форум Семей қаласында геологиялық барлау колледжі базасында өтті.
Форумның мақсаты: Қ.И.Сәтбаевтың өмірі, шығармашылығы, еңбектері, ғылыми мұрасын жастар арасында насихаттау.
Конкурсқа қатысушылар мамандық бойынша 3 техникалық кейсті орындап және ұлы ғалымға арналған бейнеролик пен шығармашылық нөмірді таныстыру қажет болды.
Арнайы технология пәнінің оқытушысы А.М.Умарова және колледж студенттері көрнекті жерлесіміз Қ.И.Сәтбаевқа арналған конкурста лайықты өнер көрсету үшін көп дайындық жасады. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 7 команда арасынан форумда біздің колледж студенттері І орынды иеленді.
Жеңіспен оралған студенттер: Зверев Сергей, Кочергин Иван, Садык Айбол, Сизиков Михаил, Турегельдинов Ансат және арнайы технология пәнінің оқытушысы Умарова Алия Михаиловнаны құттықтаймыз!