Бүгін, 2024 жылғы 08 сәуір күні колледжіміздің 1 курс теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша № 61 топ және дәнекерлеу ісі мамандығы бойынша № 63 топ студенттерімен «Павлодар облысы психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КММ Екібастұз өңірі бойынша бөлімшесінің психологы Н.Б.Тажибаевпен «Зиянды заттардың алдын алу. Суицид» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында өте өзекті тақырыптар қамтылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.