2024 жылы 10 сәуір күні «Өнер» қалалық мәдениет сарайында 9 және 11 сынып оқушыларына бағытталған техникалық және кәсіптік мамандықтарға байланысты «Option Nour» жобасы басталды.
Аталған іс-шараға Екібастұздың мектептері мен колледждерінің өкілдері қатысты. Әр колледж өзінің көрме жәрмеңкесін ұсынды, мамандықтар туралы буклеттер таратты, ал студенттер өздерінің оқу орындары туралы презентация ұсынып және оқу орындарына виртуалды экскурсия жасады. Сонымен қатар, қалалық теледидар студенттермен сұхбат жүргізді.
Іс-шараны Екібастұз қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырды. Аталған іс-шара мектеп оқушыларының көңілдерінен шықты.