423 сәуір 2015 жылы күні қалалық жастар дамыту орталығымен бірлесіп Ауған соғысында және Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Қонаққа сонау қорқынышты соғыстың қыспақтарын өздері көтерген, қуаныштарды , сәттіліктерді, қаза мен қиыншылықтарды шеккен және үлкен өмір жолын өткен соғыс ардагерлері шақырылды.

Кездесу барысында студенттер қонақтармен сұхбаттасып,сұрақтарын қойып және соғыс кезінде бастан кешкен оқиғалары жайлы естеліктерді тындады.