142326-27 қазанда қарым-қатынас жасау туралы шарттың шеңберінде колледж базасында орыс тілі, математика, физика пәндері бойынша кешенді олимпиада өткізілді.Университет делегациясы келген күнінен бастап оқытушыларға,қала мектептерінің оқушыларына, Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің түлектеріне арналған Сібір мемлекеттік индустриалды университетінің білім беру бағдарламасының презентациясын өткізді.             Жыл сайын олимпиаданың нәтижелері бойынша колледжден 5-6 студент Ресей Федерациясы университетінің бюджеттік орындарына түседі. Қазіргі уақытта Сібір МИУ-де университеттің әртүрлі факультеттерінде колледждің 35 студенті білім алады.               

14236