2015 жылдың  қараша аралығында Қ.Пішенбаев атындағы «Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде»  физика, химия  пән апталығы өтті. Жоспар бойынша келесі  іс-шаралар өткізілді:

20151110_1557561.Дүйсенбі күні физика пәні оқытушысы Кабышева С.М. жалпыколледждік жиында аптаның жұмыс жоспарымен таныстырды, ал №8 топ студенттері Д.И.Менделеев кестесіндегі химияляқ элементтер туралы қызықты өлеңдер оқыды.

  1. І және ІІ курста мемлекеттік тілде оқитын топ студеттері үшін (№11 топ-1 курс «Токарь»,

 №6 «Хатшы-референт» және № 4 «Токарь» 2-курс) «Эрудит» атты интеллектуалды ойын  ұйымдастырылып, өткізілді.Ойын бірнеше турдан құрылды. «Кұпия сандар» деп аталатын тур келесі номинациялардан құрылды «Жұмбақтар», «Химиялық элемент», «Ұлы ғалымдар», «Тұрақты шамалар»; тағы  «Жұбын тап», «Тіл өнер»  атты турлар өткізілді. Бұл ойын-сайыста №11 топ студенттері жеңіске жетті.

  1. 20151110_160818ІІ курс студенттері үшін «Знай наших» атты алғырлар турнирі өтті. Ойынның басында, қатысушы командалар, қазылар алқасын өз командаларының атымен және девиздерімен таныстырды. Турнир теледидардағы «Своя игра» ойынына сәйкес өткізілді. «Явления», «Химический элемент», «История в лицах», «Заморочки из бочки» атты номинациялар: 10, 20, 30, 40 және 50 баллдық номиналдардағы сұрақтардан құралды. Ойын жеңімпазы №5 топ, екінші орында №3 топ, үшінші орында №2 топ студенттері. Қатысушы студенттердің бәрі тәтті сыйлықтармен марапатталды.  
  2. 20151110_1611354. І курс студенттері үшін «На пик Знаний» атты ойын-саяхат өткізілді. Ойынның басында студенттер ойын шартымен танысып, команда капитандары маршрут картасын алды. Осы карта бойынша қазылар алқасы әр станциядағы алған ұпайларын, жұмсаған уақыттарын және ереже бұзса штраф ұпайларын қағазға жазып отырды

Білім шыңына жету барысында, студенттер химиялық және физикалық формулаларды еске түсірді (Скала Раздумий), ребустарды шешті (Ущелье Познания), сурет салды (Долина Вдохновения), химиялық тәжірибелер жасап, түсіндірді (Водопад Созерцания), физикалық зерттеулер жүргізді (Архипелаг Открытий), жұмбақтарды шешті  (Склон Озарения) межелерінен өтті. Барлық топтар маршрутты толықтай өтіп, Білім шыңына жеткен соң ойын қорытындалды. Бірінші орынды №8 топ, екінші орынды №10 топ, үшінші орынды №12 топ ұтып алды.

  1. 20151113_160527«Ума палата» викторинасына №6 топ студенттері белсене қатысты, олар химия және физика сұрақтарына жауап беріп, ең көп ұпай жинады. №8, №9 топ студенттері тек физика сұрақтарына ғана жауап берді.
  2. Дүйсенбі 16 қарашада жалпыколледждік жиында физика мен химия пән апталығының қорытындысы бойынша, сайыс жеңімпаздары мақтау грамоталарымен мадақталды.

Пән апталығына № 4 «Токарь», № 1 «Машинист экскаватора» топ студенттері қатысқан жоқ.

20151113_152559