2017 ж. желтоқсан айында «Референт-хатшы» мамандығы бойынша № 21 топ студенттері топ шебері Исина А.Ж.-мен Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағатына барды. Топқа экскурсия откізген бөлім басшысы Молдагалиева Рауза Ералиевна.   Мұрағаттық қоймаларды көру ұйымдастырылған.

Студенттер мұрағатта құжаттардың сақталуын қамтамасыз үшін олардың қоймаларда орналасу жүйесінің қалай және мұрағатта құжатты қалай тез табуға болатының білді. Екібастұз қалалық мұрағатының толықтыру көздері осы уақытта қандай ұйымдар болып табылатының білді.

Студенттер үлкен қызығушылықпен қойған түрлі сұрақтарына толық жауаптарын алды. Әсіресе құжаттарды сақтау қағидалары және режимі, мұрағаттағы электрондық құжат айналымы, мұрағатшысының еңбегіне қызығушылық танытты.