Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына арналған дене тәрбиесі  бойынша пәндік апталық өткізілді . Апталықтың бағдарламасына алғаш рет теориялық бөлім әсіресе , “ Спортшылар – біздің мақтанышымыз !“ тақырыбында презентация конкурсы енгізілді . Мұнда студенттер Павлодар облысының атақты спортшылары туралы әңгімеледі . Көрермендердің назарына Людмила Прокашева , Серик Конакбаев , Олег Милищенко , Марат Жыланбаев, Омитрин Пантов туралы презентациялар ұсынылды  .

Сонымен қатар пәндік апталық шеңберінде шахмат бойынша жарыстар өтті .  Жарыстың басты мақсаты – бұл тек спорттық нәтижелер ғана емес , сонымен бірге шахмат ойынын кеңінен тарату . Жарыстардың басты төрешісі : 9-шы топтың студенті Файзуллин Еламан .

Пәндік апталық бағдарламасының шеңберінде 3-курс  топтарының  арасында волейболдан блиц-турнир өткізілді  .   Турнирге бес команда – 40 студент қатысты . Жарыстар көтерінкі көңіл күйде , жоғары деңнейде өтті . Сонымен бірге колледждің инджинерлік-педагокикалық  ұжымының әйелдер командасы мен студенттері арасында жолдастық кездесу өткізіліп , ИПҰ командасы жеңіске жетті .  Дене тәрбиесі бойынша пәндік апталықтағы спорттық іс-шаралардың чемпиондары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды . Қуттықтаймыз !