2018 жылдың 4 сәуірінде Павлодар техникалық сервис колледжінде Павлодар  облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен аймақтық «WorldSkills Kazakhstan Pavlodar – 2018» чемпионаты өтті. Чемпионаттың мақсаты жұмысшылар мамандығы беделін көтеру және кәсіптік білім беруде тәжірбие жұмысын үйлестіру, эканомикалық өсу мен жеке табысқа құзыреттіліктің маңыздылығын көрсету.

Конкурсқа облыстың тоғыз колледждері қатысты. Атап айтар болсақ Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі, Павлодар құрылыс және коммуналды шаруашылық колледжі, Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі, Павлодар монтаждық колледжі, Павлодар түсті металлургия колледжі, Железинка аграрлық-техникалық колледжі, Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжі. Бұл чемпионатқа бізді колледжіміздің «Электромонтаждық жұмыстары» біліктіліктері  бойынша студенттер қатысып жұмыстық тәжірбиелік дағдылары бойынша өте жақсы қорытынды көрсетті, сол сайыста ЭМ-10 тобының студенті Назымбеков Мади 5-ші орын алды, 9 колледждердің арасында.