2018 жылғы 04 -05 сәуір аралығында Павлодар көлік және коммуникация колледжі базасында он-лайн режімінде «XX ғасырдағы кәсіптік білім берудің проблемалары мен перспективтері» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға Омбы, Павлодар, Қарағанды, Севастополь, Екібастұз қалаларының оқу орындары қатысты. Конференцияның мақсаты: Қатысушылармен елдерде кәсіптік білімді дамытуға байланысты мәселелер, кәсіптік білім беруде халықаралық кооперациялардың және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды.
Бұл конференцияда келесі проблемалар мен перспективтер қарастырылды:
– прогрессивтік педагогикалық технологиялар, оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдіс-тәсілдері;
– тұтастай электрондық білім беру ортасын қалыптастыру. Оқытудың жаңа ақпараттық сервистерін, жүйелері мен технологияларын, білім берудің электрондық ресурстарын енгізу және тиімді пайдалану;
– 50-ден аса орта техникалық білім берудің қажетті жаңа және перспективті мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Құзіреттілік және біліктілік бағалары: проблемалары мен дамыту жолдары. Біздің колледжден басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.Аубакирова, әдіскер Р.Жумабекова қатысты.
Конференция материалдары электрондық жинақта жарияланды.