2018 жылғы 04 -05 сәуір аралығында Павлодар көлік және коммуникация колледжі базасында  он-лайн режімінде «XX ғасырдағы кәсіптік білім берудің проблемалары мен перспективтері» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияға Омбы, Павлодар, Қарағанды, Севастополь, Екібастұз қалаларының оқу орындары қатысты. Конференцияның мақсаты: Қатысушылармен елдерде кәсіптік білімді дамытуға байланысты мәселелер, кәсіптік білім беруде халықаралық кооперациялардың және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды.

Бұл конференцияда келесі проблемалар мен перспективтер қарастырылды:

– прогрессивтік педагогикалық технологиялар, оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлері мен әдіс-тәсілдері;

–  тұтастай электрондық білім беру ортасын қалыптастыру. Оқытудың жаңа ақпараттық сервистерін, жүйелері мен технологияларын, білім берудің электрондық ресурстарын енгізу және тиімді пайдалану;

– 50-ден аса орта техникалық білім берудің қажетті жаңа және перспективті мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Құзіреттілік және біліктілік бағалары: проблемалары мен дамыту жолдары. Біздің колледжден басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.Аубакирова, әдіскер Р.Жумабекова қатысты.

Конференция материалдары электрондық жинақта жарияланды.