2018 жылдың сәуір айынның 17 жұлдызында Павлодар түсті металлургия колледжінің қабырғасында “Дарын, технология, шығармашылық” атты облыстық техникалық шығармашылық көрмесіне, аймағымыздың барлық колледжінен 35 қатысушы қатысты. Соның ішінде 4 қатысушы Қ. Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің атынан “Токарь” мамандығынан 3 студент және “Электргазымендәнекерлеу” мамандығынан 1 студент, өздерінің қолдарынан шыққан бұйымды қорғады.        Олар:

  1. Социал Біржан – “Күрделі пішінді бөлшектерді өңдеуге арналған арнайы жұдырықшалар” құрылғы.
  2. Беляев Абай- “Токарлық өңдеу дәлдігін жоғарлатуға араналған құрылғы”
  3. Қасынбек Алишер – “Токарлық өңдеу дәлдігін жоғарлатуға араналған құрылғы”
  4. Бахриденов Ернар – “Жолаушы автобусы”

            Сайысты қортындылай келе Белаев Али 3 дәрежелі диплом иегері атанды. Сондай-ақ барлық қатысушылар  сертификатпен марапатталды.