Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 2020 жылдың 27-қаңтарынан 10-ақпан аралығында «Cнюске жоқ дейміз!» атты акциясы өтті. Мақсаты: құрамында никотиндері бар қосылыстардың балалар мен жасөспірімдер ағзасына әсерін және олардың зиянын анықтап, салауатты өмір салтын ұстауға баулу және оларды жоғары деңгейде ақпараттандыру .Білім алушылар арасында «Өз өміріңді аяла» тақырыбында сауалнамалар толтырылды, «Снюстің әсерінен келетін зиян» атты ақпараттық сағаттар болып өтті. «Өзіңе жоқ деп айтуға көмектес» атты колледж кітапханасында әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Қалалық колледждер студенттері арасында баскетболдан сайыстар өтіп, біздің студенттер жүлделі екінші орынға ие болып қайтты. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты плакаттар сайысында бірінші курс студенттері жүлделі үш орынды да қанжығаларына салды.Бірінші орын №35-топқа, екінші орын №36-топқа бұйырды, ал үшінші орынды №37 және №38 топтар өзара бөлісті. Студенттеріміздің алған әсерлері мол. Келешекте олардың білім шыңынан көріне берулеріне тілектеспіз!