Республикалық «Бейне сабақ» байқауына колледждің дәнекерлеу бойынша өндірістік оқыту шебері Сабденбеков Нурбол Сүйінбекұлы және дәнекерлеудің арнайы пәндерінің оқытушысы Абетова Гүлсім Павловна қатысты.

Байқаудың мақсаты – заманауи педагогикалық тәжірибені қорыту және танымал ету, педагогтардың ақпараттық, коммуникативтік және технологиялық құзыреттілігін арттыру және бірыңғай ақпараттық-әдістемелік білім кеңістігін құру.

Байқаудың міндеттері:

– озық педагогикалық тәжірибеге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

– жас педагогтардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін ашып көрсету және жаңа тұлғаларды ашуға жағдай жасау;

– тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

 – педагогтың позитивті және әлеуметтік имиджін қалыптастыру;

– порталда үздік бейне сабақтар банкін құру.

Байқау қорытындысы бойынша дәнекерлеу бойынша өндірістік оқыту шебері Сабденбеков Нурбол Сүйінбекұлы – 2 орынға ие болды, дәнекерлеудің арнайы пәндерінің оқытушысы Абетова Гүлсім Павловна алғыс хатпен марапатталды.