2021 жылы 26 наурыз күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ақпараттық технологиялар және  бағдарламалар бойынша І облыстық олимпиада өтті. Олимпиада Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен  Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Олимпиада мақсаты: ақпараттық технологиялар теориясын жоғары деңгейде меңгерген қабілетті білім алушыларды анықтау. Осы олимпиадаға жалпы саны 42 студент қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің №35 «Электр жабдықтарын жөндеуші және қызмет көрсетуші электр монтері»     тобының студенті Катков Павел жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Садыкова Гульжан Жакишевна.

Құттықтаймыз!!!! Білім шыңдарынан көріне беріңіздер!!