2021 жылдың 31 наурызында Батыс Қазақстан облысы, Облыстық Білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім дамуының жаңа көкжиектері: Білім.

Технология. Тәжірибе» атты республикалық қашықтан вебинар өтті. Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлаудағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшліктері туралы тәжірибе алмасу, ынтымастастықты дамыту.

Республикалық вебинарға  әр аймақтан 1036 педагог қатысып, оның ішінен 30  педагог іріктеріліп, вебинарда өз тәжірибелермен бөлісті. Республикалық вебинарға Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің әдіскері Жумабекова Рысты Айтмаганбетовна «Колледждің әдістемелік жұмысы»  іскерлік, тәжірибе алмасу тәсілдерімен бөлісті. Қатысқан педагогтарға вебинардың жинақтары мен сертификаттар табыс етіледі.