2021 жылы 15 сәуір күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ИПҰ-мен “Өмір үшін күрес” атты семинар – тренинг ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік жағдайларының саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 1-ші орында. Аталған құбылыстардың алдын алу үшін семинарда суицид түрлері, себептері мен белгілері ашылып, суицидке жиі ұшырайтын адамдар туралы анықталды. Іс – шара соңында психолог Т. Мухамеджанова эмоционалды күйзелістен арылу үшін жаттығу өткізіп және жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу бойынша бірнеше ұсыныстар берді.