2021 жылдың 29 сәуірінде сағат 10:00-де «Өнер» ҚМО-да Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі. Бос жұмыс  орындары жәрмеңкесі өз алаңында қаланың 20-дан астам жұмыс берушілерін қамтиды, олар бос жұмыс орындарын ұсынады. Жәрмеңкеге келушілер  жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алады, алдын-ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемелерін жұмыс берушілерге қалдыра алады. Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтарындағы адамдарға-әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова