2021 жылы 10 қарашада «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК базасында Павлодар облысы білім беру басқармасының қатысуымен  «BTS   Education» ЖШС және  Екібастұз қаласы колледждері арасында  «Жаңа мамандық атласы» атты семинар-презентация өтті.  Жаңа мамандар  мен құзыреттер атласы-бұл әр сала сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын мамандықтар жинағы. Бұл атласта бізге жақын болашақ 5-10 жылға белгіленген.  Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы 9 сала бойынша дайындалды. Барлық салалық атластардың мамандықтарын болжау саланың және тұтастай экономиканың өзгеруіне үлкен әсер ететін алты басты трендке негізделген.

Жетекші трендтер-бұл:

– Роботтар мен ақылды жүйелерді енгізуді тарату;

– Цифрландыру мен үлкен деректерді қолдану аясын кеңейту;

– Шикізаттың табиғи қорларының сарқылуы;

– Экологиялық нормаларды күшейту және рециклингті дамыту;

– Y және Z буындарының жұмысшыларында жаңа еңбек талаптарының көрінісі;

– Халықтың тұтынушылық қалауларының өзгеруі

Барлық мамандықтар болашақта жаңа мамандықтың негізін құрайтын бірқатар құзыреттерге ие.

«BTS Education» ЖШС өкілдері облыс колледждерінде апробациялау және енгізу үшін 40 жаңа мамандықты қамтитын Павлодар облысы бойынша әзірленген Атласпен таныстырды. Қазіргі уақытта 14 мамандық енгізілуде. Моноқалаларды, соның ішінде Екібастұзды дамытудың кешенді бағдарламасының қабылдануына байланысты осы мамандықтарды апробациялау және енгізу жергілікті колледждер үшін де өзекті.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова