Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде 3-4 курс студенттерінде аралық аттестациялау басталды.
109113 «Техник-механик» мамандығы бойынша оқытуда модульдік-құзіреттілік әдісімен емтихан тапсырған № 30-топ студенттері осы межелі сынақтан өткен алғашқы топ болды.
Студенттер ПM15 металл кесетін станоктарды пайдалану және реттеу, ПМ16 Металл кескіш станоктарға техникалық қызмет көрсету және реттеу, екі модуль бойынша емтихан тапсырды.
Емтихан барысында студенттер жоғары білім деңгейін көрсете білді.
Білім сапасы – 73%, орташа балл – 3,95
Білім сапасы деңгейлерінің градацияларында бұл білімнің өте жоғары деңгейі.
Бұл нәтижелерге не себеп болды?
Біріншіден, дуальды оқытудың модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу – студенттерге мазмұнды тәжірибелік білім берді.
Студенттердің Сандық бағдарлау басқару станогын мұқият меңгергендері тәжірибе жүзінде айқын анықталды, әртүрлі арматурамен және бақылау-өлшеу құралдарымен сенімді жұмыс жасап,жоғары білім деңгейін көрсете білді.
Бұл арнайы пән оқытушысы Д.С.Каримова мен өндірістік оқыту шеберлері- Б.Д. Жабикенова, нұсқаушы-шебер В.А.Валярдың сапалы еңбегі екені даусыз. Алда қорытынды аттестация-демоэкзамен.