2022 жылдың 25 наурызында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі түлектерінің кәсіби бағдар және карьералық өсу кабинетінде 2022 жылғы түлектердің «Богатырь Көмір» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Болашақ мамандар компанияның бүгінгі күні туралы баяндайтын «Команда–өмір энергиясы» бейнефильмін қызығушылықпен тамашалады. Колледж студенттері Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің мамандары: Г.М. Садралин, Богатырский ПТУ вагон-пайдалану депосының бастығы В.В.Васильев, Богатырский ПТУ технологиялық қызметінің бас технологы В.Ф.Соколовский, тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу зауытының механикалық учаскесінің бастығы А.А. Усанов, теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының бас технологынан бос жұмыс орындары, жұмыс талаптары мен шарттары туралы ақпараттар алды.
Колледж басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С.Аубакирова компаниямен өндірістік практика, ИПҰ іс-тәжірибесі, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша жемісті ынтымақтастық туралы айтып, тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен беделді компанияда еңбек жолын бастаудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттер ақылы іс-тәжірибеден өтуге және компанияда одан әрі жұмысқа орналасуға шақырту алды.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова