Облыстың білім беру басқармасының басшылығымен жоғары ИнЕУ колледжінің базасында 29 наурызда VII облыстық көптілділік олимпиадасы өткізілді. Оған облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының 32 студенті қатысты.
Қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының түрлі оқу орындарының оқытушылары кірді.
Қазылар алқасының төрағасы: Худиева Севда Рамизовна – Торайғыров университетінің «Шетел филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша PhD докторы.
Қазылар алқасының мүшелері: Мұқанова Бақыт Тасболатқызы – ТжКБ ұйымдарының тілдік пәндер ОӘБ төрағасы, «Филология» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагог-зерттеушісі Ерланова Аяулым Ерланқызы – педагогика ғылымдарының магистрі, Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы, Асаинова Айнұр Қабиденовна – «№18 жалпы орта білім беру мектебі» орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші, гуманитарлық ғылымдарының магистрі, Мэттью Линц – Fulbright бағдарламасы бойынша Инновациялық Еуразия университетінің ағылшын тілі оқытушысы.
Іс-шараны қазылар алқасының төрағасы С.Р. Худиева ашып, қатысушыларға тілдерді білуде өздерінің ең жақсы қабілеттерін барынша көрсете білуге, алдағы қиын жарыста сәттілік тіледі.
Олимпиада екі турдан тұрды: қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу.
Екінші турға ең көп балл жинаған он бір қатысушы жіберілді. Олимпиаданың жабылу салтанатында қорытынды жасалды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі» ЖШС студенті Хамза Ердаулет Болатбекұлы 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Павлодар техника – экономикалық колледжі» мекемесі – Оспан Толқын Асқарқызы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Мемлекеттік тілдің үздік білгірі» номинациясын «Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК студенті Рсаев Ертас Аманнулаевич иеленді. «Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі» номинациясын «Павлодар сервис және тамақтану колледжі» ШЖҚ КМК студенті Сакауб Руслана Аскаровна иеленді. «Суперполиглот» номинациясы Прудникова Анель Евгеньевнаға бұйырды – «Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі», Ерғанатов Мақсат Шаймұратұлына – «Екібастұз политехникалық колледжі» ШЖҚ КМК студенті «Сөйлеудің тазалығы мен мәнерлілігі үшін» номинациясын иеленді.
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз, қатысқаны үшін студенттерге алғыс білдіріп, барлығына сәттілік, шабыт және шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!