2022 жылы 27 сәуір күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінде ынтымақтастық аясында дәстүрлі «ERG компаниясы күні» өтті. Студенттермен кездесуге жастар кеңесімен бірге, HR қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Восточный» кенішінің мамандары студенттермен кездесуге келді. Колледж студенттері кеніштің 7 өндірістік учаскесі мамандарын қызығушылықпен тыңдап, бейнероликтер қарап, өздерінің сұрақтарын қойды. Әлеуетті дамыту бойынша координаторы Е.В.Дягиль кәсіпорын базасында студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыру бойынша және жұмысқа орналасу үшін бос орындар туралы ақпарат берді. Жастар кеңесінің өкілдері жастарға қатысты әлеуметтік саясат туралы толық айтып берді: яғни жұмысқа орналасу, карьералық өсу мүмкіндіктері, шығармашылық, рационализаторлық топтардағы жұмыс, бос уақыт, тұрғын үй бағдарламасы.
Кездесуді кеніш жастар кеңесінің мүшелері компания туралы викторинамен аяқтады, оған колледж студенттері белсенді қатысып, сыйлықтармен марапатталды. Ал ең белсенді студенттер «Восточный» разрезіне экскурсияға шақырту алды.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.Аубакирова