Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің студенттері үшін дәстүрлі «ERG компаниясы күні» аясында «Шығыс» разрезіне экскурсия ұйымдастырылды. Арнайы көлікте экскурсанттар ӘТК (әкімшілік-тұрмыстық корпус) разрезге жеткізіліп, онда ҚТ және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізіліп, арнайы киімдер берілді. Одан әрі ең қызықтысы – разрездің өндірістік алаңына бару басталды. Ең биік жерінен қарағанда, мұнда барлығы бірыңғай жолдағы тетікпен жүрді: алыпты-роторлы экскаваторлар, локомотивтер және ауыр жүк таситын машиналар, конвейерлер жылжыды. Кен ісінің қыр-сырымен разрезде жұмыс істейтін адамдар туралы студенттерге разрез қызметкерлері: механик Т.Б. Бейсенбаев және тау-кен шебері И.С.Пыркин айтып берді. Әрине, көптеген сұрақтар болды, кәсіпорын ауқымынан алған жарқын әсерлерімен өз курстастарына, ата-аналарына мақтанышпен айтып бере алады. Олар өздерінің кәсіби таңдауын дұрыс жасағанына өте сенімді.
Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.С.Аубакирова