2022 жылы 27 сәуір күні Екібастұз қаласында алғаш рет колледждер мен университет студенттеріне арналған ауқымды конференция өтті, оған 100-ден астам студент қатысты. Конференцияның мақсаты: жаңа көзқарас, TEDx форматындағы ұтымды әдістер, яғни, жаңа идеялармен алмасу.
Конференцияда әр салада жетістікке жеткен төрт жас маман: Салауат Жұмағалиұлы, Арслан Қуатұлы, Алтынай, Еркін Құсан білім беру, кәсіпкерлік, әлеуметтік желілер саласындағы өз идеяларымен бөлісті.
Іс-шараны ЖБДО, Атамұра ұйымдастырды. Студенттердің қызығушылығы жоғары болды, олармен тренинг өткізілді, қызықты сұрақтар қойылып, спикерлердің әңгімелері жоғары деңгейде өтті, барлығына кеңестер мен ұсыныстар берілді.