2022 жылы 7 сәуір күні колледжіміздің студенттері Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған «Есірткіге жол жоқ!» қалалық акцияға белсенді ат салысты. Акцияға 500-ден астам адам қатысты. Марафонды ұйымдастырушылар – Павлодар облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Екібастұз қаласы әкімдігі мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл марафонның мақсаты – жастар арасында есірткіге деген қарама-қайшылық көзқарасты қалыптастыру, есірткінің зияны туралы алдын алу жұмыстарын жақсарту.