Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Бір Ел-Бір тарих» тақырыбы бойынша сынып сабақтары өткізілді. Бұл ақпарат топтар мен колледждің инстаграм парақшасында беріледі:
https://www.instagram.com/p/CczFykPIDSH/?igshid=MDJmNzVkMjY=

https://www.instagram.com/p/CczLVI-oRPv/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/CczrAKDouTg/?igshid=N2QyNGQ0ZGE=

https://www.instagram.com/p/Cczd2yCILvb/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/Cczfdgcqf7l/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/CczbgBBo7zF/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Колледжіміздің N48 және №52 топ студенттері мен о/ө шеберлері
С. М.Зейнулина С.М., И.М. Воронова И.М. және куратор Ж.М. Қонысбекова қалалық «Шахтер» саябағында өткен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Жергілікті өнерпаздар мен би ұжымдарының концерті көктемнің, шаттықтың, халықтар достығы мен ұлттық бояудың символы ретінде балалар мен ересектердің қатысуымен сахналық қойылымға ұласты. Іс-шара спорттық жарыстар және кітап көрмелері және басқа да шаралармен жалғасты.
Амфитеатрда қала әкімі Қаңтарбаев Ардақ құттықтау сөз сөйлеп, одан кейін этникалық орталықтардың өкілдері ән-жырмен, хореографиялық би ұжымдары «Жуманджи», «Очарование», «Радуга» т.б концерттік өнер көрсетті.
Суретшілер, аниматорлар, спортшылар, қолданбалы өнер шеберлері және қолөнершілер әртүрлі жерлерде орналасты.
Студенттер Арбатты аралап, суреттерді, кітаптар көрмесін тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті, соңында аспанға шарлар ұшырып мәз-мейрам болды.