Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында мамыр айының 4-і күні «Жер ананы жылатпаңдар, адамдар» атты экологиялық сағат өтті. Оған №47, №50 топ студенттері қатысты. Планетаның және адамдардың қауіпсіздігі туралы ойлануға мәжбүр ететін қоршаған ортаның ластануы туралы таңқаларлық фактілер көрсетілген «Табиғатты аялайық!» атты видеоны тамашалады. Содан кейін студенттер фильмді талқылап, табиғатты қорғау бойынша ұсыныстар айтты. Олар колледжде және қалада өткізілетін абаттандыру бойынша сенбіліктерге белсене қатысып, ағаштар отырғызып, табиғатта қоқыс қалдырмау керек деген қорытынды жасады.