2022 жылдың 4 сәуірінен бастап Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіінде жыл сайынғы «Өмір сүр, ғаламшар!» республикалық акциясы өтті. Еріктілер, студенттік кеңес, топ кураторлары және ө/о шеберлері қатысты.
Акция мақсаты қоршаған ортаның проблемаларына баса назар аударуға, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған; табиғатты аялауға шақырады.
Кітапханашы О.В. Кожемяк «Табиғатты аялайық!» атты еріктілер тобымен экологиялық сағат өткізді. Студенттер қоршаған ортаның ластануы туралы таңғаларлық фактілерді көрсететін бейнероликті тамашалады, бұл планета мен адамдардың қауіпсіздігі туралы ойлануға мәжбүр етеді.
Одан кейін студенттер фильмді және табиғатты қорғау бойынша ұсыныстар талқылады. Білім алушылар колледжде және қалада өткізіліп жатқан абаттандыру сенбіліктеріне белсене қатысу, ағаш отырғызу, экологиялық мәдениеттерін қалыптастыру: қоқыстарды табиғат аясына қалдырмау және арнайы қоқыс жәшігіне салу қажет деп қорытындылады.
Кураторлар ө/о шеберлерімен бірге өз топтарымен «Өмір сүр, Ғаламшар!» бейнероликтерін түсіріп, колледждің Facebook және Instagram желісіне жариялады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1391337931382767&id=100015197195531

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1766567963683345&id=100009904757927

https://www.facebook.com/100054270473498/posts/493938905758454/?d=n

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=4956151057845412&id=100003516999593&sfnsn=mo

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0vQMtMRETiwVyR8QFa66jbq5ymM5WMakZW8twGJcKQqBkFzydb6uA7czQBS14PpA4l&id=100078081321961&sfnsn=mo

https://www.facebook.com/100078325842007/posts/134830715804456/

https://www.facebook.com/reel/5146407958760977?fs=e&s=cl