«Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМК-да балаларды қорғау күні мен жыл қорытындысына арналған балалар жылы аясында іс-шаралар өткізілді. 2022 жылы 17 мамыр күні колледж стадионында 1 курс инженерлік-педагогикалық құрам арасында денсаулық күні өтті – бұл өз денсаулығын, дені сау, рухының мықтылығын ойлайтын әрбір адам үшін маңызды іс-шара болып табылады.
«Қауіпсіз жаз» акциясында медицина қызметкері Г.Т. Кожахметова алғашқы көмек көрсету әдістерін көрсетті, яғни бұл өмірді сақтауға көмектесетін қажетті білім. Алғашқы көмек көрсету мобильді қосымшасы, ұялы телефоннан жедел жәрдем шақыру жолдары, көптеген иллюстрациялар, алғашқы көмек түрлері туралы айтып берді.
Аталған іс-шараның өткізілуіне ат салысқан дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Е.А.Полупановаға, сонымен қатар педагогикалық ұжымға, өндірістік оқыту шеберлеріне және де медицина қызметкері Г.Т.Кожахметоваға алғыс білдіремін.