2022 жылы 18 мамыр күні колледж оқытушылары Сакенова Р.Б. және Умарова А.М. No47 «ОРПИ» студенттерімен No2 өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Өрт сөндіру бөлімшеcінің қызметкері Катаев Мейрхан Н өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегі, өрт техникасы туралы қызыға әңгімелеп, техника сақталатын қоймалармен, жеке құрамның демалатын орны мен жұмысын, оқу-жаттығу бөлмелерін көрсетті.
Студенттер жауынгерлік машиналар гаражына барып, бөлімшемен қызмет көрсететін өрт сөндіру автокөліктерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларымен, өртті сөндірудегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде қолданылатын өрт техникасының мүмкіндіктерімен танысты.
Өрт сөндіруші мамандығы –өте күрделі мамандық.Төтенше жағдай кезінде өзінен бұрын өзгенің өмірін құтқаруға ұмтылады. Сондықтан өрт сөндіруші нағыз ерлердің мамандығы болып саналады.