23 мамыр күні Қ. Пішенбаев атындағы «Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде» «Сыбайлас жемқорлыққа “жоқ “» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Осы іс – шараның мақсаты: – білім алушыларда сыбайлас жемқорлық деген не туралы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен таныстыру, оған қарсы күрес бойынша Үкімет қандай шаралар қолданып жатқанын білу. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қалай көмектесе алады, деген сұрақтар қарастырылды.
Негізгі міндет- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Диалогтық алаңда сыбайлас жемқорлық туралы “Парақорлық, Алаяқтық, Ысырап”, сыбайлас жемқорлықтың белгілері және сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері туралы ситуациялық міндеттер қаралды.
Олар өз таңдауын дәлелдеді, сұрақтарға жауап берді, қарастырылған тақырып бойынша дайындалған презентацияны ұсынды.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманы жетілдіру арқылы мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек деген қорытындыға келді.