2022 жылы 18 мамыр күні Павлодар қаласының техникалық сервис
колледжінде әйгілі ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет-ұлт ұстазы» тақырыбында ғылыми-практикалық
конференция өтті. Конференцияға «Тігінші» №52 топ студенті
Алена Резник қатысты. Конференция 3 секция бойынша жұмыс істеді.
Бірінші секция жұмысының қорытындысы бойынша «Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы патриоттық тәрбие» тақырыбында зерттеу жұмысын баяндаған Алена «Жас зерттеуші» номинациясымен
марапатталды. Бұл үздік нәтиже! Студенттің ғылыми жетекшісі-химия және биология пәнінің оқытушысы Жанар Муратовна Конысбекованың еңбегі зор.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.П.Касаткина.