Құқық бұзушылықтың алдын алу және жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 2022 жылы 20 мамыр күні колледж студенттерді полиция аға лейтенанты Окас Хакиммен кездесуі өтті.
Аталған іс-шара кезінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жауапкершілікке тартудың ерекшеліктері мен тәртібі жөнінде мәселелер қарастырылды, жазалар туралы ескертілді. Нашақорлық пен алкоголизм, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мәселелері талқыланды. Полиция қызметкері өмірде кездесетін қиын жағдайда өзін қалай ұстау керектігін, қайдан көмек сұрау керектігін айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ инспектор Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы No414-V ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, он сегіз жасқа толмаған студенттерге түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынғанын айтты. Шарт жасасу кезінде заңды өкілдің қолы қажет. Әдетте жастар дәмхана мен басқа да тамақтандыру орындарында даяшы болып жұмыс істейді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта, яғни кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін аталған орындарда болуына қатаң тыйым салынады.
Құқық бұзушылық анықталса, Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексіне сәйкес ата-аналарға, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынады. Қайталанса, әрбір тармақ үшін айыппұлды екі есе арттырады.
Студенттер сұхбаттасуға белсене қатысты. Біз өзімізбен және айналамыздағы адамдармен тату-тәтті өмір сүріп, заңға мойынсұнатын, колледжде және қоғамдық орындарда заңды, тәртіп ережелерін бұзбау керек деген қорытынды жасадық.