2022 жылы 26 мамыр күні «Богатырь Көмір» ЖШС конференция залында қызметкерлер және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры А.К. Макеновтың басшылығымен Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің өкілдерімен жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері: яғни компанияда сұранысқа ие мамандықтар бойынша дуалды оқытуды іске асыру жұмысын қайта жандандыру, кадрларды мақсатты даярлау, түлектерді жұмысқа орналастыру және т. б. талқыланды. Жаңа оқу жылынан бастап 2 топта барлығы 37 адам кеншілер мен токарларда дуалды оқыту басталады. Сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарының имиджін дәріптеу мақсатында болашаққа бірлескен жұмыс жоспары белгіленді.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова