2022 жылдың, 27- мамырында ата-аналар комитеті үшін “Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесі ” Баланың мүддесі үшін медиация ” тақырыбында диалог алаңын өткізді.
“Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы С. Н.Мұқанов сөз сөйлеп, спикерлердің сөз сөйлеу бағдарламасымен таныстырды. Спикер К. А. Темирова «Бала құқығын қорғау тетігі ретінде ювеналды сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану» тақырыбында сөз сөйледі, Павлодар облысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Б. Рахматулинаның «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі медиацияның ерекшеліктері» ақпараты қызықты болды. Сондай-ақ, “Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің психологы баланың стресске төзімді тұлғасының қажетті шарты ретінде балалардың ата-аналармен үйлесімді қарым-қатынасы туралы мәселені атап өтті.
Диалог алаңы өте қызықты өтті, ата-аналар көп ақпарат алды, сондаяқ, кері байланысқа да шықты.