Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде оқытушылар мен студенттер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс тобының офицері Қ.М.Баймамыровпен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде сұхбаттасу өткізілді:
– жүзу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау;
– ескекті және моторлы қайықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
– қауіпсіздік шаралары мен жүзу құралдарын пайдалану ережелері;
-жүзуге болатын және оған тыйым салынған негізгі белгілерді сақтау.
Кездесу соңында «Су туралы не білеміз?», «Суға шомыламыз, бірақ ережелерді ұмытпаймыз!» викторинасын өткізді, құтқарушылардың қызметі туралы презентация көрсетіп, «Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері» брошюраларын таратты.