1 маусым күні 51 топ студенттерімен, куратор Абетова Г.П., тарих пәнінің мұғалімімен Булкендикова Т.А. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты патриоттық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты: Отансүйгіштікке және еліміздің Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханашы Кожемяак О.В. баршаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығымен құттықтап, «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің ең қастерлі рәміздері» атты презентация ұсынды. Презентациядан студенттер Қазақстанның Әнұранының шығу тарихымен, Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде Мемлекеттік рәміздерді орналастыру және пайдалану ережелерімен, Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шараларымен танысты.
Студенттер «Қазақстан Республикасының туының, әнұранының авторы кім?», «Тудың, Елтаңбаның элементтері нені білдіреді?», «Қазіргі Қазақстан Республикасының әнұранының негізі қандай ән болып табылады?», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін қандай жаза қолданылады?» деген сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар логикалық ойынға белсене қатысты.
Оқытушы Булкендикова Т.А. оқушыларды өз Отанының патриоты болуға, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға және Қазақстан рәміздерін құрметтеуге шақырды.