Орталық қалалық кітапханада 25 қазан Республика күні мерекесіне арналған «Арманы үлкен, азат ел» атты патриоттық сағат өтті. Бұл шарада егемендік алған Қазақстан Республикасының дәуір құжаты, жетістіктері туралы айтылды. Оқырмандар тарихи деректерді слайд тізбектемелері мен декларация, ҚР Конституциясы, Астана, ЭКСПО – 2017 туралы видео роликтерді қызықтады. Сонымен қатар колледж студентері: Д.Ерасыл, С.Шатаева, М.Аманжолова, Д.Мукашева, Р.Сапин, Ж.Атеев, А. Сарсембаев, М.Бельгибаев «Қазақстан», «Флаг», «Отан», «Астана», «Елім менің», «Республикам менің»» өлеңдерін оқыды. Шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіндегі Отанымыздың тарихи кезеңдерін паш ететін кітаптармен танысты. Патриоттық сағат екі тілде өткізілді. Шараны дайындаған кітапханашылар:Б. Калимова, С.Лисишина, А.Джансаринова.